"Қазселденқорғау" мекемесі Алматыдағы лай көшкінінің себебін түсіндірді

Фото: t.me/almaty_akimat

ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары Алматыдағы лай көшкінінің себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары Алматыдағы лай көшкінінің себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, лай көшкінінің болжамды көлемі шамамен 3200 текше метр.

"2024 жылы 8 ақпанда түнгі 02:20-да тау баурайының ортаңғы бөлігінде төселген су құбырының үзілуі салдарынан топырақтың батпақтанып, одан кейін Алматы қаласы Медеу ауданы Тау-Самал шағынауданы Олимпия көшесіндегі № 3а және №3 тұрғын үй жеке үйлерін басып қалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Таудың баурайы сары топырақты саздақтардан тұрады, бұл учаскедегі көлбеу тіктігі шамамен 45-50 градус.

"Жылжыма Олимпийская көшесіндегі № 3а шаруашылық құрылыстары бар тұрғын үйді қиратып, жақын жерде орналасқан №3 тұрғын үй ішінара зақымданды", - деп толықтырды "Қазселденқорғау" ММ.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Алматыдағы лай көшкінінен 4 адамнан тұратын отбасы зардап шекті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама