“Қазсушар“ филиалының директоры мен оның қарамағындағылар қызметінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Қазсушар“ филиалының директоры мен оның қарамағындағылар қызметінен айырылды Фото:depositphotos.com

Су ресурстары және ирригация министрлігі жүргізген тексеріс нәтижесінде 29 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Су ресурстары және ирригация министрлігі жүргізген тексеріс нәтижесінде 29 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасы бойынша, Ішкі аудит департаменті 9 айда 11 мекемеге аудиторлық тексеру жүргізген.

Мәселен, Жамбыл облысы бойынша "Қазсушар" филиалына жүргізілген тексеріс барысында су ресурстарын заңсыз пайдаланудың 10-ға жуық дерегі мен шаруалармен суармалы су беру келісімшарттарын жасау барысында заңбұзушылықтарға жол берілгені анықтаған болатын. Аудит қорытындысы бойынша мекеме басшысы мен Аса өндірістік аймағының басшысы қызметінен босатылды. Бұдан бөлек, филиал директорының орынбасары мен Қордай, Байзақ, Меркі өндірістік аймақтарының басшылары қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Аудит қорытындысы бойынша анықталған барлық заңбұзушылықтарға қатысты материалдар Бас прокуратураға жолданды. Сондай-ақ, министрліктің құзыретті құрылымдары мен ведомстволарына ұсынымдар мен тапсырмалар берілді", - деді Ішкі аудит департаментінің директоры Ғалымжан Молдаш.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети