14 желтоқсан 2017 12:12

"ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясына миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясына қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті "ҚазТрансГаз Аймақ" компаниясына қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тергеу қорытындысы бойынша компанияның коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушылармен жасалған келісімшарттардың көлемін толық орындамағаны анықталды. Сондай-ақ, олар экономикалық және технологиялық негізсіз айыппұлдар салып отырған. Осы дерек бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды, іс материалдарына сотқа жолданды", - делінген Комитеттің хабарламасында.

2017 жылдың 28 қарашасында Астана қалалық соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабының 4-бөлігі бойына әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы, сондай-ақ, компанияға 944 855 296  теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети