"ҚазТрансГаз Аймақ" қызылордалықтарға 1,5 миллиард теңге шығын төлейді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазТрансГаз Аймақ" қызылордалықтарға 1,5 миллиард теңге шығын төлейді Фото: elements.envato.com

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-тың Қызылордадағы бөлімшесі тарифтік смета шығындары бабын бұзғаны және бекітілген тарифті қолданбағаны үшін тұтынушыларға 1,5 миллиард теңгеден аса қаражатты қайтаруға міндеттелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-тың Қызылордадағы бөлімшесі тарифтік смета шығындары бабын бұзғаны және бекітілген тарифті қолданбағаны үшін тұтынушыларға 1,5 миллиард теңгеден аса қаражатты қайтаруға міндеттелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жыл бойынша тарифтік сметаның орындалуына жүргізілген талдау шеңберінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Қызылордадағы бөлімшесінде тарифтік смета шығындары бабын бұзу және бекітілген тарифті қолданбау дерегі анықталды.

 "Нәтижесінде "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ биыл 1 тамыздан бастап тауарлық газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметіне ҚҚС-сыз 1000 текше метрге 3320,45 теңге мөлшерінде немесе бекітілген тарифке қарағанда 44,1 пайызға төмендетіліп 1 жылға уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен тұтынушыларға 1 548 508 389  теңге залал сомасын қайтарады", - делінген министрлік хабарламасында.

Бұрын ҚҚС-сыз мың текше метр үшін 5941,35 теңге тарифі қолданылған. Сондай-ақ, кәсіпорынның бекітілген тарифті 44,1 пайызға төмендету мүмкіндігі бар.

Жаңа ережелер 1 тамыздан бастап күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети