"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалының қызметіне жүргізілген тексеру барысында үстем және монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мысалы, монополисттердің шарты бойынша, кәсіпкерлер, газдың пайдаланылмаған көлемі үшін газ құнының 10 пайызын заңсыз төлеп келген.
Үстем және монополиялық жағдайын теріс пайдаланғаны үшін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ филиалы ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша жауаптылыққа тартылып 497,1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, 2022 жылы табиғи монополия субъектісі, көрсететін қызметтер көлемінің өсуіне қарамастан компания 2023 жылға арналған тарифті төмендеткен жоқ (көрсетілген қызметтердің көлемінің ұлғаюына байланысты тариф қайта қаралуы тиіс).
Осыған орай, Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қадағалау актісімен, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап тауарлық газды тасымалдау тарифін 6 пайызға, 1000 м3 үшін 4 099,25 теңгеден 1000 м3 3 848,03 теңгеге дейін төмендету туралы бұйрық шығарылды.
Қабылданған шаралар Алматы қаласында 450 000 тұтынушының, оның ішінде 8 800 кәсіпкердің құқығын қорғады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!