С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың бұрынғы ректоры Айқан Ақановпен қоштасу рәсімі 1 маусымда сағат 10.00-де Concordia театрында өтеді. Бұл жайлы Tengrinews.kz тілшісіне университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың бұрынғы ректоры Айқан Ақановпен қоштасу рәсімі 1 маусымда сағат 10.00-де Concordia театрында өтеді. Бұл жайлы Tengrinews.kz тілшісіне университеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақанов 30 мамыр күні 65 жасында дүниеден озды. Оның қайтыс болуына ұстамалы жүрек ауруы себеп болған екен. Ол жоғары оқу орнын 2008-2016 жылдар аралығында басқарды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақанов медицина университетін басқаруды жоғарғы оқу орны үшін ауыр кезеңде қолына алған. Ал 2016 жылы жағдай керісінше өзгереді. Жоғары оқу орнында барлық сала бойынша қызметтерді модернизациялау жүргізіліп, қаржы мәселелері шешіліп, күрделі жөндеу жұмыстары атқарылыпты. Университет Кеден одағы елдерінің үздік 35 жоғары оқу орнының тізіміне кірді. 2014 жылғы Университеттердің ұлттық рейтингі бойынша, ҚазҰМУ елдегі мединицалық жоғары оқу орындарының арасында үздік болды.
Ақанов жоғары оқу орнын басқармастан бұрын 2004-2006 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі болып қызмет атқарды. Денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, медицина ғылымының докторы (1992), профессор (1994), ҚР еңбек сіңірген қайраткері, "Мәдениет қайраткері". 1974 жылы "Емдеу ісі" мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген ол сол жылы Текелі қаласындағы №1 медициналық-санитарлық бөлімшеде дәрігер-ординатор болып еңбек жолын бастаған. 1978 жылы Кардиология ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім жетекшісі болды. 1984 жылы Алматы шет тілдері институтын (қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) бітірген. 1986 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған, 1992 жылы "Эпидемиология, профилактика основных хронических инфекционных заболеваний среди сельских жителей Казахстана" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ол 1951 жылы 28 мамырда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Көкпекті ауданы Үлгілі малшы ауылында дүниеге келген.