ҚазҰПУ жатақханадағы орын тапшылығына қатысты видеоға пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚазҰПУ жатақханадағы орын тапшылығына қатысты видеоға пікір білдірді Абай атындағы ҚазҰПУ суреті

Абай атындағы ҚазҰПУ мекемесі студенттерінің жатақханадағы орын мәселесі тұрақталды деп хабарлады.​ Қазіргі уақытта өтініш берген студенттердің 99 пайызы университет ұсынған жатақхана мен жалға алынған пәтерлерде тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай атындағы ҚазҰПУ қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай атындағы ҚазҰПУ мекемесі студенттерінің жатақханадағы орын мәселесі тұрақталды деп хабарлады.​ Қазіргі уақытта өтініш берген студенттердің 99 пайызы университет ұсынған жатақхана мен жалға алынған пәтерлерде тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Абай атындағы ҚазҰПУ қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.

ЖОО мәліметіне сүйенсек, 4 қыркүйекте бірінші курс студенттеріне жатақханаға жолдама беру аяқталған, қазір жұмысқа талдау жүргізіліп жатыр. Кейінірек берілген жатақханадағы орыннан бас тартқан студенттердің тізімі жасалып, олардың орындары резерв тізімінен білім алушыларға беріледі.

Естеріңізге салайық, әлеуметтік желіде Абай атындағы ҚазҰПУ ахуалдық орталығында студенттер мен ата-аналардың бір-біріне жабысып, қысылып тұрған видеосы тараған еді. Оқиға жатақханадағы орындардың жетіспеушілігінен болған. Видеода ата-аналар университет басшылығын орын жоқ деп айыптап жатқанын көруге болады.

"Әлеуметтік желіде тараған бейнедегі жағдай 28 тамызда, студенттерге жатақханадан орын бөлудің бірінші күні болғанын түсіндіргіміз келеді. Жаппай сұранысқа байланысты уақытша кезек пайда болды. Бұл мәселені жедел шешу үшін университет ахуалдық орталықтағы қызметкерлер санын бірден арттырды. Осының арқасында өтініш беруші студенттердің 99 пайызы жатақханадан орын ала алды", - деп түсіндіреді Абай атындағы ҚазҰПУ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Римма Әбдіқадырқызы.

Жоғарғы оқу орнының бес жатақханасында жалпы 2086 орын бар. Қазіргі уақытта 1920 студент жатақханада тұрып жатыр. Университетте жатақханадан орын бөлу кезінде студенттердің жетім, көп балалы отбасы мүшесі, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедек, сондай-ақ бала кезінен мүгедек санаттарына басымдық ескерілген. Сондай-ақ, университеттің жалға алынған 1226 орындық 7 жатақханасы бар, оған 365 студент қоныстанған. Орын жетіспеушілігіне байланысты тағы 650 орындық екі жатақхана жалға алынып, онда 530 студент тұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети