ҚазҰУ өкілі ректор жеке деректері тарап кеткен студент қыздардан кешірім сұрайтынын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚазҰУ өкілі ректор жеке деректері тарап кеткен студент қыздардан кешірім сұрайтынын айтты Фото: ҚазҰУ баспасөз қызметі

ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Жәмилә Айтжанова университет студенттері жеке деректерінің тарап кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Жәмилә Айтжанова университет студенттері жеке деректерінің тарап кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz сұрақтарына жауап берген Айтжанова университет келісім-шарт негізінде медициналық қызмет көрсеткен Smart Health University City ЖШС-мен келісім-шартты бұзуға ниетті екенін айтты.

"Университетімізге қызмет көрсететін жеке медицина орталығы медициналық тексеруден өткен студенттердің тізімін тапсырды. Қазір университетімізде қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, анықтаймыз. Бұл жол берілмейтін дерек. Әрине, біз де бұл компанияның (медициналық - еск.) мұндай қателік жасағаны үшін жауаптымыз", - деді Айтжанова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, университет прокуратураға хабарласып, тергеуді бастаған. Тілші "ректор бұл оқиғаға қатысты ресми түрде кешірім сұрай ма", сұрап көрді.

"Әрине, олардан кешірім сұраймыз. Бүкіл университет басшылығымен кешірім сұраймыз", - деп сендірді Айтжанова.

Жәбірленуші студенттерге университет тарапынан өтемақы төлеу жоспарда бар ма деген сұраққа проректор бұл мәселе шешілетінін айтты.

"Оған (механика-математика факультеті деканатының маманы С.Ж. – еск.) әкімшілік жаза болады, шаралар міндетті түрде қабылданады. Әлі жұмыстан шығарылған жоқ, мәселе құқықтық салада шешіледі. Бұл біздің қызметкер болғандықтан, тәртіптік тергеу әлі жүріп жатыр - дәл осы олқылықты жасаған кім. Әр шешім артында адам тағдыры тұр", - деп қосты Жәмилә Айтжанова.

Заң бойынша тергеу 15 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін, деп қосты ҚазҰУ проректоры.

Студент қыздарға қатысты интим ақпараттың тарауы: министрлік ҚазҰУ-дан түсініктеме беруді сұрады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети