ҚазҰУ студент қыздардың жеке деректері бар тізімді кім жария еткенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚазҰУ студент қыздардың жеке деректері бар тізімді кім жария еткенін айтты Фото:depositphotos.com

ҚазҰУ-дың Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Желіге университет студенттерінің жеке деректерінің тарап кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚазҰУ-дың Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Желіге университет студенттерінің жеке деректерінің тарап кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алдын ала ішкі тексеріс жүргізілгені хабарланды.

"6 ақпанда университетке шарт негізінде медициналық қызмет көрсететін Smart Health University City ЖШС медбикесі Whatsapp мессенджері арқылы флюорографиялық зерттеуден өтуін қамтамасыз ету үшін Механика-математика факультетінің 3-4 курс студенттері тізімі бар Excell форматындағы құжаттарды осы факультет деканатының маманына жіберген", - деп хабарлады ЖОО департаменті.

Алайда тапсырылған құжаттарда студенттердің тегі мен аты-жөнінен бөлек дәрігерлік құпияға қатысты мәліметтер де болған.

"Кейіннен мессенджерлік хабарламалар арқылы университетте оқитын студент қыздарға қатысты жеке деректер мен медициналық құпия бар ақпарат тарап кеткен.

Осы факт бойынша 14 ақпанда университет қызметтік тексеруді тағайындап, Алматы прокуратурасына аталған факт бойынша прокурорлық шара қолдану және студенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету туралы өтінішпен жүгінді", - деп хабарлады университет.

Қазір ҚазҰУ-да Smart Health University City ЖШС-мен келісімшартты бұзу мәселесі қарастырылып жатқаны хабарланды.

Еске салайық, тізім туралы ақпарат Qumash Telegram-арнасында пайда болды. Арна авторлары WhatsApp желісіндегі 190 адамнан тұратын старосталар тобында студент қыздардың тізімі бар 4 құжат жіберілгенін (1-курстан 4-курсқа дейін) жазды. Қызыл түспен белгіленгендер флюорографиядан өтуі керек екен. Онда қыздардың толық аты-жөнінен басқа олардың ЖСН, ұялы телефондары және медициналық деректері болған. Сондай-ақ, олардың қайсы вирго (гинекологиялық тілмен айтқанда - пәк), қайсы вирго емес екені туралы ақпарат бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети