Қазы-қартадан тау салып, бауырсақтан ағаш жасаған. Қазақстан елшілігінің фуршеті Қазнетті ашуландырды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазы-қартадан тау салып, бауырсақтан ағаш жасаған. Қазақстан елшілігінің фуршеті Қазнетті ашуландырды Видеодан алынған кадр

Желіде Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі Тәуелсіздік күнін тойлау кезінде түсірілген видео қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі Тәуелсіздік күнін тойлау кезінде түсірілген видео қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 желтоқсанға орай елшілікте өткен ресми қабылдауда қонақтарға ет тағамдары, қазы-қарта мен бауырсақтан жасалған тау мен ағаш, сондай-ақ Қазақстан туы бейнеленген торт ұсынылған.

"Қырғызстанда Қазақстан елшілігі ұйымдастырған Қазақстанның Тәуелсіздік күні тойланып жатыр. Бұл қазы-қартадан жасалған Алатау таулары. Міне, бауырсақтан жасалған ағаш. Міне, Нұрсұлтан шыңына 30 жыл. Қандай өнер. Жарайсыңдар", - дейді видео сыртындағы дауыс.

Алайда бұл видео Қазнетті ашуландырды.

Қазақстан СІМ баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді.

"Бұл басқа қабылдаулар сияқты қарапайым бас қосу. Тек бұл күні аспаз әр тағамға өз қиялын қосып, шығармашылықпен дайындаған", - деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Кейін ерекше тағамдардың авторы қырғыз аспазшысы Таштанбек уулу Ырыскелди екені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети