ҚБТУ аукционда 11 миллиард теңгеге сатылды

09 Қараша, 17:28
0

"Қазақ-Британ Техникалық университеті" АҚ Алматыда 11 миллиард 370 миллион теңгеге сатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сауда gosreestr.kz электрондық сауда алаңында өтті.

6 қарашада басталған сауда өтті деп танылды. Бұған дейін ҚБТУ "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының балансында еді. Бастапқы құны 11 миллиард 364 миллион 544 мың теңге болған.

Төлем шарттарына сәйкес, сатып алушы сату-сатып алу келісімшарты күшіне енген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде сатып алатын құнның 30 пайызы көлеміндегі бірінші траншты жасауы тиіс. 35 пайызға тең екінші бөлігі келісімшарт күшіне енгеннен кейін 12 ай ішінде төленуі тиіс. Қалған 35 пайыз 24 ай ішінде төленуі керек.  

Тендер шарттары бойынша, ҚБТУ-ды сатып алушы компания қызметінің айналысатын саласын 10 жылға дейін сақтауға міндеттеледі. Жұмысшылардың жалпы санының қазақстандық персоналының үлесі 10 жыл бойында 50 пайыздан кем болмауы тиіс. Сонымен қатар, университет иесі компанияның қазіргі міндеттемелерін орындауы тиіс.

Сондай-ақ, екі жыл ішінде акциялармен келісім жасауға (сатуға, кепілге қоюға, басқаруға беруге және басқа келісімдер) тыйым салынады. Ал екі жылдан кейін ҚМГ келісімінің шарттарын орындай отырып, акциялармен үш жылға келісім жасауға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, сатып алушы студенттердің жатақханалардағы жағдайын алдағы бес жылда тұру тәртібін сақтауға міндеттеледі.


© gosreestr.kz

"Қазақ-Британ Техникалық университеті" АҚ ғимаратын білім беру және ғылыми қызмет мақсатында пайдалануға болады. Бірақ екі жыл бойында басқаның атына жазуға немесе кепілге қоюға болмайды.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай