ҚБТУ ғимаратындағы өрт: Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланған зал зардап шекті ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚБТУ ғимаратындағы өрт: Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланған зал зардап шекті ме? Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

ҚБТУ-дағы өрт кезінде "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданған тарихи зал зардап шекті ме? Tengrinews.kz тілшісі университетке ресми сауалмен жүгінді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚБТУ-дағы өрт кезінде "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданған тарихи зал зардап шекті ме? Tengrinews.kz тілшісі университетке ресми сауалмен жүгінді.

"Тарихи кабинеттер зардап шеккен жоқ", - деп жауап берген Қазақ-Британ техникалық университетінің баспасөз қызметінің өкілі.

Алайда университет өкілдері тиісті жұмыс істеліп жатқанын айтып, ғимараттың ішінен сурет-видео көрсетпеген.

"Қазір ғимаратта құзырлы органдар жұмыс істеп, бүлінген аумақ бағаланып жатыр", - деді ҚБТУ баспасөз қызметінің өкілі.

ҚБТУ туралы

ҚБТУ ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Ғимарат 1938 жылы салына бастады. Соғыс жылдарында құрылыс тоқтатылып, 1951 жылы қайта жанданды. Кеңес заманында ҚБТУ ғимаратында ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі орналасты. Мұнда Министрлер Кеңесі мен Қазақ КСР Компартиясының Орталық Комитеті орналасқан болатын.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан-Британ техникалық университетіндегі дөңгелек залда тарихи құжат - "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданды.

ҚБТУ-дағы өрт

2025 жылғы 11 қаңтарда кешке Алматы қаласындағы Төле би көшесінде орналасқан Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) ғимаратынан өрт шықты.

Алдын ала мәліметтер бойынша төртінші қабаттағы бөлмелердің бірінің төбесі жанған.

Өртті ауыздықтау 1951-1957 жылдары салынған, бес қабаттан тұратын ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы ғимаратының (Үкімет үйі) күрделі конструктивтік ерекшелігіне байланысты күрделене түскен.

Кейінірек өрт ауыздықталғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети