Kcell-дің бұрынғы қызметкеріне іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Kcell-дің бұрынғы қызметкеріне іздеу жарияланды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Экономикалық тергеу департаменті Kcell компаниясының бұрынғы қызметкеріне іздеу жариялады. Бұл ақпаратты компанияның баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экономикалық тергеу департаменті Kcell компаниясының бұрынғы қызметкеріне іздеу жариялады. Бұл ақпаратты компанияның баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін желіде Kcell қызметкерінің киберқылмыс жасағаны үшін іздеуде жүргені туралы ақпарат жарияланған болатын. Ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды.

qamqor.gov.kz

"Бұл азамат компанияда 2022 жылдың 1 сәуірінен 2023 жылдың 28 ақпанына дейін шынымен жұмыс істеген. Айткешев А.Е. алаяқтық әрекеттер жасап, компанияға материалдық шығын келтірді деген күдікке ілінді", - деп жауап берді Kcell баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне.

Қызметтік тексеру нәтижесінде алынған материалдар Астана бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілгені нақтыланды.

Tengrinews.kz редакциясы Қаржы мониторингі агенттігіне де сауал жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети