08 сәуір 2014 | 16:36

Кеден одағы шеңберінде бірыңғай валюта болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытжан Сағынтаев. ©Тengrinews.kz Бақытжан Сағынтаев. ©Тengrinews.kz

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бірыңғай ұлттық валютаның пайда болуын жоққа шығарды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бірыңғай ұлттық валютаның пайда болуын жоққа шығарды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұндай әңгіменің қайдан шығатынын білмеймін. Біз бірыңғай экономикалық валютаның құрылуы туралы мәселені мүлдем талқылаған емеспіз, шарт жобасына бұл мәселе жоқ, яғни ешқандай ортақ валюта болмайды. Бізде теңге қала береді", - деп мәлімдеді Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко келешекте Кеден одағы немесе Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде аймақтық валюта болуы мүмкін екенін айтқан еді. Бірақ оның айтуынша, бұған 10 жылдан кем емес уақыт кетуі мүмкін. "Ол бірыңғай валюта енгізу үшін Кеден одағы елдерінің Еуропалық одақ үлгісінде ортақ макроэкономикалық өлшемдер жасап шығаруы тиіс екенін де айтқан болатын.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети