Кеден саласындағы тексеріс: мемлекетке 21 миллиард теңге қайтарылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Бас прокуратура органдары кеден саласында тексеріс жүргізіп, бюджетке 21 миллиард теңге қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокуратура органдары кеден саласында тексеріс жүргізіп, бюджетке 21 миллиард теңге қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

​"Тексеру сыртқы экономикалық қызметтің (СЭҚ) жекелеген қатысушылары Қытай Халық Республикасынан тауарларды әкелу нарығын монополияландырып алғанын көрсетті. Олардың әрқайсы белгілі бір тауарларға (аяқкиім, киім, қосалқы бөлшектер, техника, жемістер, көкөністер және т.б.) маманданып, елдің нақты аймақтарын өз арасында бөлген.  

​Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару үшін импорттаушылар тобы 2019-2021 жылдары Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы кодекстің талаптарын бұза отырып, әкелінетін тауарлардың құнын жүйелі түрде төмендетіп отырған", - делінген хабарламада.

​Бас прокуратураның ұсынуы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті 10 компанияға 107 миллиард теңге сомаға кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша есептеу туралы хабарлама берген.

"Анықталған заңбұзушылықтар бойынша Қылмыстық кодекстің 236-бабы – "Кедендік  төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару" бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

​Бүгінде СЭҚ-тың 7 қатысушысы ("Tex Alliance", "Almobi Group", "Ехргеѕѕ Кеден Сервис", "Group of the companies TDA", "Ai-To Progress", "Global Logistics Ved" және "TL NIKA кеден" ЖШС) қабылданған шаралар нәтижесінде бюджетке 21 миллиард теңге қайтарды", - делінген хабарламада.

​Бас прокуратура мәліметінше, қалған қоса есептелген сомаларды өндіріп алу, оның ішінде осы компаниялардың кепілдік мүлкі есебі арқылы жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro