Кедергісіз жүріп-тұруы үшін пара алған: Жамбыл облысында шенеунік сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кедергісіз жүріп-тұруы үшін пара алған: Жамбыл облысында шенеунік сотталды Фото:depositphotos.com/ aapsky

Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20 наурызда Тараз қаласының соты Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. Д.Кемеловқа үкім шығарды.

"Шенеунік жүк көліктерінің иелері мен жүргізушілері М.Мамыровтан, Н.Абдуллаевтан және Е.Қанатовтан облыс аумағы бойынша кедергісіз жүріп-тұрғаны үшін 100 мыңнан 450 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды", - деп жазылған хабарламада.

Мамыров пара берумен қатар, Абдуллаев пен Қанатовтан Кемеловтың пара алуына делдал болған.

Кемелов 6 жылға, Мамыров 3 жылға бас бостандығынан айырылды, пара берушілер Абдуллаев пен Қанатовқа 5,6 млн теңге айыппұл салынды.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети