21 қараша 2019 12:38

Кексельге қатысты іс тоқтатылды - Қожамжаров

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы бас прокурор, Сенат депутаты Қайрат Қожамжаров Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұрынғы бас прокурор, Сенат депутаты Қайрат Қожамжаров Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осыдан екі ай бұрын Кексельдің үстінен шағым түскенін білемін. Сенбі күні қылмыс құрамы болмағандықтан, Кексельге істің тоқтатылғаны жайлы хабарланды. Мұны Кексельдің өзі айтты. Тергеушінің өзі де хабарласып, қылмыс құрамы болмағандықтан, істің тоқтатылғанын айтты", - деді Қожамжаров. 

Мұның алдында ІІМ өкілдері Олеся Кексельге қатысты тергеу шараларын бастағаны хабарланған болатын.

Еске салайық, Олеся Кексель биыл мамырда арнайы прокурорлар қызметінің басшысы қызметінен босатылған еді. Ол бұл қызметті 2018 жылдың қаңтарынан бастап атқарған. Мұның алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Тергеу департаменті басшысының орынбасары болған. 

2017 жылы Олеся Кексель "Жылдың мемлекеттік қызметкері" атанды. Ол ең күрделі сыбайлас жемқорлық істерімен айналысып, II дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети