Алматыда магистралды 3 көше ұзартылып, тағы 3 жол айрығы салынады. Ал, құрылыс жұмыстары келер жылы басталмақ. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының 12-ші сессиясында 2017-2019 жылдарға арналған бюджетті қарау барысында талқыланды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Алматыда магистралды 3 көше ұзартылып, тағы 3 жол айрығы салынады. Ал, құрылыс жұмыстары келер жылы басталмақ. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының 12-ші сессиясында 2017-2019 жылдарға арналған бюджетті қарау барысында талқыланды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Сонымен қатар, Алтын Орда аумағында Алматы-Бішкек тас жолын кеңейту жұмыстары мен Алматы метросы, Достық, Сарыарқа бекеттерінің құрылысы жалғасуда. Кеңейтілген отырыста Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек көлік жүйесі мен жолды жаңартуға 42,2 миллиард теңге бөлу қарастырылғанын және жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстарына 7 миллиард теңге қарастырылып жатқанын атап өтті. Бұл шаралар келер жылы жақсы күйдегі жолдардың үлесін 65 пайызға арттыруға көмектеседі.
"Қаладағы жолдардың үлесін, яғни жақсы күйдегі жолдарды 55 пайыздан 65 пайызға арттыру көзделіп отыр. Бұл алматылықтардың қалада еркін қозғалуына өз үлесін тигізеді деген ойдамыз. Басым бағыты қалаға жаңадан қосылған аумақтардағы көшелерді қалыпқа келтіруге беріледі", - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.
Мұнымен қатар, телеарна тілшілері Алматыда жол ережесі көп бұзылатын аумақтарды анықтапты. Мұндай дерек бейнебақылау камерлары көп және қоғамдық көлікке арналған жолақ орнатылған Абай даңғылында тіркеледі екен. Дәл осындай жағдай Төле би көшесінде болады. Атап өтерлігі, бұл көшеде автобустарға арналған жолақ қазан айында ашылған. Ең көп кездесетін айыппұл - жол белгілерін және таңбалау талаптарын орындамау. Мұндай ереже бұзу барлық айыппұлдардың 32 пайызын құраған. 3 жыл ішінде Алматы қаласында қойылған 100 бейнебақылау камерасы 28,6 миллиард теңге айыппұл жинапты.
Жол ережесі жиі бұзылатын аймақ. © "Алматы" телеарнасының кадры.