Келес ауданында биыл екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келес ауданында биыл екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Келес ауданындағы Ақтөбе ауылдық округінің екі ауылында жыл соңына дейін қос жаңа мектеп пайдалануға берілмек, - деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келес ауданындағы Ақтөбе ауылдық округінің екі ауылында жыл соңына дейін қос жаңа мектеп пайдалануға берілмек, - деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атап айтқанда, Ғани Мұратбаев елді мекенінде 600 орындық "Жайлы мектеп" құрылысы мен Көгерту елді мекенінде 300 орындық мектеп құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілмек. Бұл жайында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев ауылдық округте өткен халықпен кездесуінде мәлімдеді.

Аудан әкімімен өткен кездесуде бұған дейін жергілікті тұрғындар Бозсу, Құйған, Қияжол елді мекендеріне баратын ағын су каналын механикалық тазартудан өткізу мәселесін көтерген болатын. Нәтижесінде "Келес аудандық су шаруашылығы" мекемесі тарапынан Таубай каналының 3 шақырымы тамыз айында механикалық тазалаудан өткізілді.

Сонымен қатар, Ынтымақ елді мекеніндегі Р-28 каналындағы Ақболат және Найман шлюздарының құрылысы аяқталып, бүгінгі таңда қолданысқа берілді.

Tengrinews
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети