25 қараша 2022 08:32

Келесі жылы БҚО-да 24 медициналық нысанның құрылысы басталады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Облыс әкімдігінде денсаулық мәселелері жөнінде кеңес өтті. Жиында өңір басшысы президенттің қыркүйектегі Жолдауында елдегі денсаулық сақтау саласына айрықша тоқталғандығын айтып, кеңесте кешегі Үкімет отырысында Жолдауда тапсырылған Ұлттық жобаның облыста жүзеге асыру барысы талқыланды.


Облыс әкімдігінде денсаулық мәселелері жөнінде кеңес өтті. Жиында өңір басшысы президенттің қыркүйектегі Жолдауында елдегі денсаулық сақтау саласына айрықша тоқталғандығын айтып, кеңесте кешегі Үкімет отырысында Жолдауда тапсырылған Ұлттық жобаның облыста жүзеге асыру барысы талқыланды.

Кеңесте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы. Арман Қалибеков баяндама жасап, өңірдегі медицина саласында қандай жұмыстар жүзеге асатынын хабарлады.

Басқарма басшысының айтуынша, өңірде Ұлттық жоба аясында бірнеше жоба жүзеге асады.

- Облыста Бөрлі және Казталов аудандарындағы аудандық аурухананы қайта жағыртып ауданаралық аурухана қылып қайта құру жоспарлануда. Ауданаралық ауруханаларда инсульт және кардиология орталықтарын, травматология, хирургия, қарқынды терапия бөлімшелері ашылып, қажетті медициналық жабдықтармен қамтылады. Медициналық кадрларды жасақтау жұмысы да жүргізіледі. Бұл халық үшін профилактикалық тексеруден өтуге, скрининг, аурурларды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Ауыл тұрғындарына мамандандырылған және жоғары техникалық медициналық көмектің қолжетімділігі артады, - деді Арман Қалибеков.

Ал облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев өңірде 2025 жылға дейін 50 медициналық нысан салу үшін ауыл медицинасын жаңғыртуға арналған Ұлттық жобаның жоспарымен таныстырды.

- 2024 жылы 26 жоба жүзеге асады. Бес дәрігерлік амбулатория, он фельдшерлік-акушерлік және он бір медициналық пункт халық игілігіне беріледі. Облысты дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында биыл сегіз ауданда он төрт медициналық нысанның құрылысы үшін сметалық құжат әзірленуде. Оның алтауы дәрігерлік амбулатория, сегізі фельдшерлік-акушерлік пункт. Келесі жылы жоспардағы 24 медициналық мекеменің құрылысы басталады, - деді басқарма басшысы.

Облыс әкімі ауыл тұрғындары үшін дер кезінде, қол жетімді көрсетілуі қажеттігін, өңірде әлі де медицина саласында кадр жетіспеушілігі мәселесі бар екендігін айтты.

- Екі-үш жыл ішінде елу медициналық мекеме салуымыз қажет. Кадрлық мәселелер бар. Бізде екі бағдарлама жүзеге аспақ. Бірі республикалық - Ұлттық жоба, екіншісі облыстық. Былтыр медициналық нысандардың шама-шарқын тексеріп шығып, талдау жасадық. Өңірдегі жобаға Үкімет бөлек қаражат қарастыруда. Мамандарды облыс орталығынан шақыртпай-ақ ауданда ота жасау үшін дәрігерлердің біліктілігін арттырып, жабдықтарды да жаңартуға қосымша қаржы қарастырудамыз. Ұлттық жоба аясында екі аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады. Олардың ішінде инсульттік орталық, хирургия, реанимация және оңалту бөлімдері болады. Сондықтан қазірден бастап қосымша мамандар іздеп, олар тұратын баспана мәселесін ойластыруды тапсырамын, - деді Ғали Нәжімеденұлы.

Материал БҚО әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети