Келесі жылы дәрігерлердің жалақысы қалай өседі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келесі жылы дәрігерлердің жалақысы қалай өседі? Фото: Тұрар Қазанғапов

2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 550 мың теңгеге дейін көбейеді. Бұл экономика бойынша орташа жалақымен салыстырғанда 2,5 есе жоғары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 550 мың теңгеге дейін көбейеді. Бұл экономика бойынша орташа жалақымен салыстырғанда 2,5 есе жоғары, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттерімен кездесуде денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният кадрлық қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты министр медицина қызметкерлерін материалдық қолдау және дәрігер мамандығының мәртебесін арттыру шаралары туралы айтты. 

Оның айтуынша, жыл сайынғы дәрігерлердің жалақысын арттыруды ескере отырып, 2023 жылы 550 мың теңгеге дейін ұлғайту қарастырылған, бұл экономика бойынша орташа жалақымен салыстырғанда 2,5 есе жоғары. 

Сондай-ақ, ол медициналық студенттерге арналған гранттар мен стипендиялардың құнын арттыру, ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген медициналық жоғары оқу орындарының түлектері үшін әлеуметтік пакетті жақсарту туралы айтты. 

ДСМ өкілдері болашақ дәрігерлермен кездесу ашық интерактивті форматта өтіп, студенттерге сауалнамаға қатысуға, талқылау үшін сұрақтар қоюға мүмкіндік берілгенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети