Келіссөздерден бас тартты - әкімдік West Oil Software жұмысшылары туралы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Қарақиян ауданы әкімдігі / gov.kz Фото Қарақиян ауданы әкімдігі / gov.kz

20 желтоқсанда Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаевтың бастамасымен West Oil Software қызметкерлерімен келіссөздер процесін жүргізуге әрекет жасалды, алайда жұмысшылар "ҚазМұнайГаз" штатына жұмысқа орналасуды талап етіп, келіссөздерден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

20 желтоқсанда Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаевтың бастамасымен West Oil Software қызметкерлерімен келіссөздер процесін жүргізуге әрекет жасалды, алайда жұмысшылар "ҚазМұнайГаз" штатына жұмысқа орналасуды талап етіп, келіссөздерден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше, 19 желтоқсанда Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев West Oil software наразылық білдіруші қызметкерлерінің өкілдерімен кездесу өткізді. Төретаев наразылық білдірушілерді жағдайды сындарлы бағытқа ауыстыруға, келіссөздер үстелінде бәрін шешуге шақырды. Қызметкерлер әкімнің ұсынысымен келісті.

20 желтоқсан күні таңертең "ҚазМұнайГаз" АҚ төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ басшысы Мұрат Мұстафаев, West Oil software басшылығы және Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев заңсыз ереуіл өтетін жерге келіп, наразылық білдірушілерді өз қатарынан белсенділерді таңдап, келіссөздер процесін бастауға шақырды.

Алайда, West Oil Software қызметкерлері наразылық акциясын заңдастыруды талап етіп, келіссөздерді бастаудан бас тартты. Дәулетжан Хасанов өз кезегінде ереуіл соттың шешімімен заңсыз деп танылғанын және оны тек жоғары тұрған сот сатысына арыз беру арқылы жоюға болатынын түсіндірді.

"Келісім комиссиясының жұмысы аясында келіссөздер процесін бастауды ұсынамыз. Бұл жағдайды реттеудің заңды тәсілі, оны пайдалану қажет", - деді Хасанов жиналғандарға.

Алайда, WOS қызметкерлері "ҚазМұнайГаз" АҚ штатына жұмысқа орналасуды талап етіп, келіссөздерден бас тартты.

"WOS-тың бірқатар қызметкерлерінің "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесімен (ЕСОТ) еңбекақыны теңестіру, ҚМГ еншілес кәсіпорнының штатына кіру сияқты қосымша талаптары негізсіз болып табылатынын атап өту қажет".

Акцияның өзі, 2023 жылдың 11 желтоқсанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданының соты заңсыз деп танылды.

"Сондай-ақ, WOS-тың кейбір қызметкерлері бұрын Қазмұнайгаздың еншілес ұйымдарының қызметкерлері болғанын және 2018 жылы 5/50 бағдарламасын пайдаланып, өз еркімен жұмыстан шыққанын және аталған бағдарлама аясында бес жылдық жалақысының 50% алғанын атап өткен жөн. Орташа алғанда, бір адамға төленетін төлем сомасы шамамен 11 миллион теңге болды. Осы себепті ҚазМұнайГаздың ЕТҰ штатына көшуі туралы талаптар да мүмкін емес.

Осы күнгі ереуілге байланысты "West Oil Software" ЖШС күніне шамамен 23 млн теңге шығын әкеліп отыр. Бұл фактор компанияның және оның қызметкерлерінің, соның ішінде ереуілге қатыспайтын тікелей WOS қызметкерлерінің қаржылық жағдайына нұқсан келтіреді".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro