Кемшіліктер бар - Білім және ғылым министрі мектеп оқулықтары жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кемшіліктер бар - Білім және ғылым министрі мектеп оқулықтары жайлы Фото:primeminister.kz

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова қазіргі оқулықтардың кемшіліктері жайында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова қазіргі оқулықтардың кемшіліктері жайында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кітап - балаларға білім берудегі басты құралдардың бірі. Жаңа стандарттар бойынша мұғалімдер, сарапшылар мен авторларды дайындау үрдісі жүріп жатыр. Авторлар бір күнде өзгеріп кете алмайтын шығар. Өздеріңіз білетіндей, белгілі бір кемшіліктер бар. Жақында ғана биылғы республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Комиссия бастауыш мектептердің кей оқулықтарын қайта түзетуге жіберді", - деді білім және ғылым министрі.

Күләш Шәмшидинова қазақстандықтарға мектеп кітаптарын тексеруге қоғам болып қатысуға шақырды.

"Кітап таратылу үшін тираждауға жіберілмес бұрын былтырғыдай қоғамдық оқып танысу жұмысы жүргізіледі", - деді ол.

Жаңа министрдің айтуынша, оның басты мақсаты - білім беру сапасын арттыру.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети