30 шілде 2021 | 10:28

"Кемсіту" - алматылық рестораторлар "Ashyq көшбасшыларына" қарсы шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматылық рестораторлар жаңа карантин шектеулеріне шағымданды. Олардың айтуынша, Ashyq-та нысандарды бөлу жүйесі - шағын мекемелерді кемсіту, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматылық рестораторлар жаңа карантин шектеулеріне шағымданды. Олардың айтуынша, Ashyq-та нысандарды бөлу жүйесі - шағын мекемелерді кемсіту, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасының рестораторлар клубы" қауымдастығының мүшелері жаңа шектеулерге шағымданды. Ұйымның негізін қалаушы Зульфия Юсупованың айтуынша, шағын мекемелер 20.00-ден кейін жұмыс істеу үшін "Ashyq көшбасшысы" мәртебесін алғысы келеді, бірақ бұл мүмкін емес.

"Есептеуіміз бойынша, бір күн ішінде QR-код арқылы 143 келушіні тіркеу қажет. 143 адамды тіркеу біз үшін мүмкін емес және көшбасшы мекемелер мәртебесін ала алмаймыз, ең жақсы мейрамханалардың рейтингіне де кіре алмаймыз. Себебі, бізге көп адамды жинау мүмкін емес. Оның үстіне Ashyq-тан айырылып қалуы да мүмкін, өйткені егер күніне 0-ден 20-ға дейін адам тіркелсе, алып тастайды. Ал күні бойы бірде-бір адам болмаған кафе көп. Біз бұл жерде шағын бизнесті кемсіту барын мәлімдейміз. Олар мыңдаған адамға ие компанияларды ынталандырады, ал жаман жағдайдағы компанияны кемсітеді. Біз бұл шешіммен келіспейміз", - деді Зульфия Юсупова.

Оның айтуынша, барлық қызметкер вакцин алған. Алайда жаңа шектеулерге байланысты қызметкерлер туралы тағы да ойлану керек. Оны клубтың басқа мүшелері де қолдап отыр.

"Бізде күндіз келуші мүлдем болмайды. Адамдар 19.00-де келе бастайды. Бірақ 20.00-де жабылуымыз керек. Осы уақыт ішінде 143 адамды қалай қабылдаймыз? Қызметкерлердің 70 пайызы вакцина алған. Бірақ қазір қызметкерлердің 30 пайызын ақысыз демалысқа жіберуіміз керек", - деді Диляра Алдаева.

Мейрамхана мен асхана шығындары сәйкес келе ме? Өйткені, әртүрлі мекеме бар. Бірақ бәріне бір режим жасап қойған. Бұл - кемсіту, деп шағымданды "Қазақстан Республикасы рестораторлар клубы" қауымдастығының негізін қалаушы Ирина Лебедева.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов шағымдарға жауап беріп, мұндай жүйе неге енгізілгені туралы айтты.

"Мен өзім қоғамдық тамақтану орындарына барып, келушілер сканерден өтпейтінін байқадым. Мүмкін олар келушілерді қорқытқысы келмейтін шығар. Мен мекемелердің 70 пайызында Ashyq бар деп ойлаймын. Одан 100-ден аса адам келеді. Бірақ өздері келушіге талап қоймайды. Қоғамдық тамақтану нысандарында жағдай басқаша.

"Ashyq көшбасшылары" жүйесі кәсіпкерлер Ashyq жүйесін пайдалана бастауы үшін ойластырылған. Бұл үшін оларға бонус - "қосымша жұмыс уақыты" беріледі. Ал келуші болмаса алып тастаймыз. "Қызыл" мәртебесі бар анықтамалардың көпшілігі дәл қоғамдық тамақтану нысандарында, атап айтқанда науқас адамдар QR-код арқылы өтуді қаламайды", - деді Байғабылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети