25 қазан 2014 | 16:59

Кендірлі демалыс аймағында әуежай құрылысын салуға Қытай инвесторлары қызығушылық танытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кендірлі демалыс аймағының жобасы Кендірлі демалыс аймағының жобасы

 Кендірлі демалыс аймағынан әуежай салуға Қытай инвесторлары қызығушылық танытуда. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне инвестициялық даму министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек айтты.


Иконка комментария блок соц сети

 Кендірлі демалыс аймағынан әуежай салуға Қытай инвесторлары қызығушылық танытуда. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне инвестициялық даму министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек айтты.

Оның айтуынша, барлық инвесторлармен келісімге келу мерзімі 2014 жылдың соңында аяқталады.
"Қытай және Түркия инвесторларының жағдайы қаралуда. Біз бүгін Қытай инвесторлармен жергілікті жерде әуежай құрылысын салу туралы келісімдер жүргіземіз. Салық мәселесіне қатысты тағы басқа жайттарға байланысты олар өздерінің талаптарын айтуда. Анықталған қиындықтар да бар. Бірақ жобаның болашағы үлкен. Мен әзірге қандай компаниялармен келіссөздер жүргізіп отырғанымызды  нақты айта алмаймын. Олардың бұл жобаға қатысуға да инвестиция салуға да үлкен қызығушылығы бар. Олар мемлекетімізден нақты кепілдік сұрап отыр. Келіссөздерді біз желоқсан айында аяқтауды жоспарлап отырмыз" деді Жеңіс Қасымбек.
Ол инвесторлар Кендірді демалыс аймағын инфраструктурамен қамтуды талап етіп отырғанын, аймаққа жол, құбыр, су, жарық орнату қажеттігін алға тартты.


"Егер біз Кендірлі аймағын дамытқымыз келсе, ішкі инфраструктураны жетілдіруміз керек" дейді ол.
Оның айтуынша, Кендірлі аймағына қанша инвестиция салынатыны келіссөздер аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Еске салайық, шетелдік кеңесшілер 2020 жылы Кендірлі аймағына келетін туристердің саны жыл сайын 640 мың адамды қамтитынын айтып отыр. Туристердің басым бөлігі Ресейден келеді деп топшылануда. Түркиялық инвестор Rixos Group қазірдің өзінде ынтымақтастық орнату үшін "Самрұқ-Қазына" холдингімен келісімге қол қойды.
"Кендірлі" жобасы бойынша аймақта төрт және бес жұлдызды қонақ үй, аквапарктер мен котедждер салу жоспарланған. Инвестициялық даму министрлігі құрылыс салу құнын 38,2 миллирд теңгеге бағалап отыр. Кендірлі аймағына салынатын инвестицияның жалпы көлемі 600,6 миллирд теңге. Бұл соманың шамамен жартысы инфраструктураны дамытуға жұмсалады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети