23 ақпан 2015 19:23

Кеңес Армиясы күні соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Кеңес Армиясы күні соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгінде Қазақстанның күнтізбесінде ресми түрде мұндай күн болмаса да, ол - Отанымызды неміс басқыншыларынан қорғаған майдангерлер үшін жылдағы ең маңызды күндердің бірі. 


Кеңес Армиясы күні соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгінде Қазақстанның күнтізбесінде ресми түрде мұндай күн болмаса да, ол - Отанымызды неміс басқыншыларынан қорғаған майдангерлер үшін жылдағы ең маңызды күндердің бірі. 

Ардагерлермен кездесуді "ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен соғыс балалары кеңесі" қоғамдық қоры ұйымдастырды. Құттықтауға "Алаш Медиа Групп" холдингінің тілшілері мен 30 ардагерге азық-түлік сыйлаған Green сауда үйі қосылды. 

Almaty resort шипажайында өткен кездесуге Ұлы Отан соғысының тоғыз ардагері келді. Олар соғыс кезіндегі хикаяларын айтып берді, ұрыс алаңына қалай түскендерін және жеңістің хабарын қай кезде естігендерін әңгімеледі.

Ардагерлердің ішінде көптеген адамның өмірін аман алып қалған медбике Тамара Максимова да болды. Ол Мәскеуде госпитальде жұмыс істеді. Максимова 90 жаста, бірақ ол бұған қарамастан, соғыс жылдарын есінде жақсы сақтаған. Оның айтуынша, сол замандарда жарақат алған сарбаздарды қолдау үшін оларды жақсы көретінін де айтатын болған. 

Майдангерлер мен тыл ардагерлері арасында балалары мен немерелерінен айырылғандар бар. Қор оларға әрдайым көмек көрсетіп отырады. "Ал тұрып-жүре алатын, шарамызға келіп отырған ардагерлерге осындай кездесулер өткізіп отырамыз. Ардагерлер болса, жастар олардың аузынан әскери оқиғаларды ести алады. Ардагерлер оларға өз өмірі жайлы, қалай шайқасқандары жайлы айтып береді (...) Біз естелік кітабын жинастырып жатырмыз, фотокөрме ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз", - деді "ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі" қоғамдық қорының атқарушы директоры Райхан Жапарханова. 

Қор "Ардагерлерге атаулы көмек" жобасының аясында қайырымдылық қорының есебінен ардагерлерге түрлі көмек көрсетеді, оның ішінде, медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек беріледі. Жапарханованың айтуынша, көмек алғысы келгендер қорға хабарласа алады.

Бұған дейін белсенділердің белгісіз қаһармандар жайлы Естелік кітап шығарғалы жатқаны хабарланған еді. Кітап майданға аттанып, бірақ тағдыры белгісіз қалғандар жайлы болады. Facebook қолданушысы ҰОС ардагерлерінің сирек кездесетін фотосуреттерін жинап, әлеуметтік желі арқылы қаражат жинап жатқанын жариялады. Еске сала кетейік, Tengrinews.kz таяуда "Жеңімпаздар" атты жобаны ашқан болатын. Онда ардагерлердің жүздеген оқиғасы, сонымен қатар, жастарға арналған видеожолдау бар. Соғысқа қатысқандардың ұрпақтары редакцияға әлі де әңгімелерін жіберіп жатыр, сіздер де мына форманы толтырып, жібере аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети