02 қазан 2020 | 20:10

Кеңес дәуірінен бергі ұстаздардың сабақ беру әдісінің заманауи ортадағы орны қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Заманауи ұстаз қандай болуы керек? Білім жүйесіндегі жаңашылдық пен бағалаудың жаңа форматы деген не? Бұл туралы i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Нұр-Сұлтан қаласындағы №54 мектеп-лицейінің директоры, Назарбаев университетінің түлегі Шәкәрім Сейсенбай әңгімелеп берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.


Иконка комментария блок соц сети

Заманауи ұстаз қандай болуы керек? Білім жүйесіндегі жаңашылдық пен бағалаудың жаңа форматы деген не? Бұл туралы i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында Нұр-Сұлтан қаласындағы №54 мектеп-лицейінің директоры, Назарбаев университетінің түлегі Шәкәрім Сейсенбай әңгімелеп берді. Tengrinews.kz тілшісі сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңестер мен ұсыныстар береді. 

Заманауи ұстаз қандай болуы керек?

Шәкәрім Сейсенбай елімізде білім саласына жақсы көңіл бөлініп жатқанын айтады. Оның айтуынша, қай уақытта болмасын, қай заманда болмасын ұстаз - ол жол көрсетуші, тура жолға бағыттаушы, қолдаушы және кез келген адамға сондай ұстаз қажет. 

"Негізі ұстаздықтың мән-мағынасы өзгерген жоқ. Бірақ егер қазіргі таңда қандай ұстаз қажет дейтін болсақ, заманауи ұстаз - балаға жаны ашитын, баланы шынайы жақсы көретін, барлық қажеттілікті балаға оңай форматта жеткізе алатын адам болуы керек деп білемін", - дейді спикер. 

Сондай-ақ маман кеңес дәуірінен бері келе жатқан ұстаздардың сабақ беру әдісінің заманауи ортадағы орны туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, бұл жағдайда мәселе тек жаңартылған білім беру бағдарламасында емес. 

"Себебі кеңес дәуіріндегі білім саласы мен қазіргі білім жүйесін салыстыратын болсақ, әрине, көптеген ерекшелік бар. Оған байланысты заманның да талаптары ауысып жатыр. Бірақ мына мәселені де айтқым келеді: қазіргі балалардың қажеттілігі мүлдем басқа. Себебі олар егемен Қазақстанда туып, егемен Қазақстанда өсіп, тәрбие алып жатқан балалар. Олардың бойындағы құндылықтар мүлдем басқа", - Шәкәрім Сейсенбай. 

Одан бөлек, бүгінде ұстаздар кеңес дәуірінде оқып, білім алып, сол уақыттың тәрбиесі мен құндылықтарын сіңіріп өскендіктен екі буын өкілдеріне кедергі келтіруі мүмкін. 

"Бір жерде жұмыс жасаған кезде екі жаққа да қиын жағдайлар туып жатады. Түсініспеушілік те осы жерден туады. Қазіргі таңда жаңартылған білім мазмұнын ойламауымыз керек. Біріншіден ұстаздарымыздың балаға жақындауын ойлауымыз керек. Балаға көмек көрсету, оның ойын дұрыс түсіне білуді ұстаздарға үйретуіміз керек", - дейді спикер. 

Баланың ынтасын қалай ашу керек?

Шәкәрім Сейсенбай бүгінде балаға шынайы мотивация беру мәселесін қолға алу керек. Алайда ең алдымен баланың ынтасын ашудан бұрын, ұстаздардың жағдайын жақсарту керек. 

"Иә, қазіргі таңда мұғалімдердің жалақысы өсіп жатыр. Бірақ біз ұстаздарға бұдан да бөлек мектептегі жұмыс жағдайын жасапберу керек. Себебі мектепке байланысты өте көп мәселе бар. Сондықтан мектеп әкімшіліктерін де ойландыратындай сұрақтар болуы керек. Мектеп әкімшілігі ұстаздардың жағдайын бірінші бағытқа қоюы керек", - дейді маман. 

Сонымен қатар, спикер баланың оқуға деген ынтасын қалай ашуға болатынын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл жағдайда ата-аналармен жұмыс жасау керек. 

"Не дегенмен де ата-ана - ол педагог емес. Иә, ата-ана өзінің баласын жақсы көреді. Иә, әр ата-ана үшін баласының орны бөлек. Бірақ білім жайлы айтар болсақ, ол мүлдем бөлек. Меніңше, көптеген ата-ана да сөзіммен келіседі. Біз мынаны түсінуіміз керек: біздің балаларымызға көңіл жетіспейді, яғни ата-ана тарапынан көмек жетіспейді. Көңіл деген не? Жайбарақат отырып, уақытыңызды бөліп, балаңызбен әңгімелесу. уақыт өткізу. Балаңыздың ішкі жан дүниесін тыңдай білу, бірге отырып ойын ойнау, болмаса бір көңіл өткізу деген секілді. Сондықтан осындай форматта көбірек іс-шара жүргізілсе, баланың өзінің де құштарлығы артады", - деп түсіндірді Шәкәрім Сейсенбай.

Электронды күнделік қаншалықты тиімді?

Шәкәрім Сейсенбайдың сөзінше, форматив және сумматив бағалау Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ дүние жүзінде қолданылып келе жатқан тәжірибе.

"Форматив бағалау дегеніміз яғни балаға белгілі мақсат қойылады, ал мұғалім сол баланың мақсатына қаншалықты жеткенін бақылайды. Баланың белгілі бір деңгейде қалыптасуына ықпал болатын факторды анықтайды. Қоғамда "Бізде бұрын бала 5, 4 деген баға алатын. Ол түсініктірек" дейтін. Бірақ мен мұғалім ретінде 5, 4, 3, 2 деген баға объективті емес", - дейді маман. 

Спикердің сөзінше, бұл жағдайда баланың білім прогресін бағалау мүмкін емес. 

Ұстаздың имиджі деген не?

Шәкәрім Сейсенбай ұстаздардың имидж мәселесіне қатты көңіл бөлетінін айтады. 

"Себебі кез келген адам өзінің оқушы кезін еске алса, "Жаңа мұғалім сендерге сабақ береді" деген күні-ақ бала "Ол қандай мұғалім?" деп ойлана бастайды. Одан кейін сабақ басталған кезде бәрі ойлана бастайды, мұғалім сыныпқа кіргеннен бастап өзінің орындығына барғанға дейін бала бағалайды. Мен де өзімнің ұстаздарыма әрдайым бірінші күн, бірінші сабақ өте маңызды екенін айтамын. Сол уақытта бала сізді бағалайды, ары қарай да сіздің сабағыңызға құлшыныспен қатысатын болады. Бұл өте маңызды. Имиджді жасайтын ұстаздың өзі", - дейді маман. 

Видео-сұхбатты I-BALAQAI YouTube-арнасынан, Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" және Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай алады. 

Сондай-ақ подкаст түріндегі материалды SoundCloud, Anchor.FM, Яндекс.Музыка және "ВКонтакте" желісінде тыңдай аласыздар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети