Қазақстандық кәсіпкер, БТА Банкі директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес Рақышев Алматыдағы Наурызбай ауданында болған селден зардап шеккен 10 үйдің тұрғынына қаржылай көмек көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кәсіпкердің өкілдерінің айтуынша, көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге, табиғи апаттан қатты зардап шеккендерге қолдау көрсетілді. Қаржы ғимараттарды жөндеуге, техниканы сатып алуға, балаларды мектепке дайындауға және өзге де мақсаттар үшін аударылды.

Айта кетейік, тұрғындарға мемлекет те көмек көрсетіп жатыр. Алайда көпшілікке қолдау қажет. Он үйдің үшеуін сүріп тастап, орнына қайта үй салуға тура келеді. "Біз кімнің үйінің қатты зардап шеккенін қарап шықтық. Басымдық көпбалалы отбасыларға берілді: бірінші қыркүйек жақындап қалды, оларға балаларын мектепке дайындап, қажетті заттарын алу керек болады", - деді Кеңес Рақышевтің өкілі.
Кәсіпкер Кеңес Рақышев бұған дейін де көмек көрсетуді жоспарлаған болатын, бірақ жергілікті билік селден келген шығынды есептеуге уақыт сұрады. Еске сала кетейік, табиғи апаттың салдарын жою жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Үйлерге жарық, байланыс және табиғи газ берілді. Сумен жабдықтауды қалыпқа келтіру жоспарланып отыр. Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты.