Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық ғалымдардың Кенесары ханға тиесілі заттарды іздеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық ғалымдардың Кенесары ханға тиесілі заттарды іздеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кенесары ханның бассүйегінен басқа , ол қолданған заттар да бар болуы керек. Біз қазір сол мәселемен айналысып жатырмыз. Мысалы, Кенесарының мылтығы, жазған хаттары. Біз осы бағытта үлкен жұмыстарды атқарып жатырмыз", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Сондай-ақ, министр мамандардың қазақ ханының бассүйегін іздестіру жұмыстарын әлі де жалғастырып жатқанын айтты.
"Кенесары ханның бассүйегін іздестіру жұмыстары жалғасатын болады. Біраз біз олардың нақты қайда жатқанын білмейміз. Бірақ ханның бассүйектері әлі де бар екені жайлы мәліметті толықтай жоққа шығара алмаймыз. Оған ешкімнің құқығы жоқ. Олай айтатын болсақ, дұрыс болмайды", - деді Мәдениет және спорт министрі.
Еске сала кетейік, бүгін ғалымдар Кейкі батырдың қоладан жасалған мүсінін көрсеткен болатын. Венгр антропологы Андраш Жолт Биро Tengrinews.kz редакциясына Кейкі батырдың бюстінің суретін жолдады.