08 наурыз 2019 | 16:48

"Кенеттен болған өлім". Алматы облысында оқушы үзіліс кезінде қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Алматы облысындағы ауыл мектептерінің бірінде қайтыс болған 10 жастағы жасөспірімнің өлімін мұқият тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Полиция Алматы облысындағы ауыл мектептерінің бірінде қайтыс болған 10 жастағы жасөспірімнің өлімін мұқият тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 6 наурызда Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылындағы жалпы білім беру мектебінде болған. Мектеп үзілісі кезінде 4-сынып оқушысы қайтыс болды. Мұғалімдер мен мектеп инспекторы балаға алғашқы көмек көрсетуге тырысып, кейін өздері ауруханаға алып кеткен. Жолда мектепке қарай бара жатқан жедел жәрдемді кезіктірген. Алғашқы нұсқалардың бірі бойынша, оқушы кенеттен болатын өлім синдромына ұшыраған.

"Оқушыда ұстама болып, кейін есін жимай кенеттен қайтыс болды. Денесінде жарақаттар жоқ", - деді Кербұлақ ауданы АОА бас дәрігері Қанат Қалдыбаев.

Облыс полицейлері бұл жағдайды Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ресми түрде енгізген.

"Оқушының өлімі бойынша алдын ала тергеу жұмысы жүріп жатыр. Қазір сот-медициналық сараптама нәтижесін күтіп отырмыз, кейін қорытынды процессуалдық шешім қабылданады. Тергеу жұмыстары облыстық департаменттің басшысы полиция генерал-майоры Мұрат Үрімхановтың қатаң бақылауында", - деді Алматы облысы ПД баспасөз-қызметі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети