Кения мен Танзания жол сапасы бойынша Қазақстаннан қалай асып түсті? Министрлік пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кения мен Танзания жол сапасы бойынша Қазақстаннан қалай асып түсті? Министрлік пікір білдірді Фото – Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жол комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) Қазақстандағы жолдардың сапасы Кения мен Танзанияға қарағанда нашар деген рейтингімен келіспеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жол комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) Қазақстандағы жолдардың сапасы Кения мен Танзанияға қарағанда нашар деген рейтингімен келіспеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметі бойынша, Қазақстан жол сапасы бойынша әлемде Кения мен Танзания сияқты елдерге жол беріп, 93-орынға шықты. Неге қазақстандық жолдар Африкадан да нашар болып шықты", - деп сұрады журналист Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Беков ДЭФ рейтингінде Қазақстан 93 емес, 63-орында тұрғанын, рейтингтің өзі сауалнамалар арқылы жасалғанын айтты.

"Елді мекендердің барлық тұрғынымен сауалнама жүргізіліп, жолдардың сапасы осыдан қалыптасады. Яғни, біреу бір көшенің жай-күйіне көңілі толмаса, ол жалпы жолдар туралы айтады. Сондықтан, бұл сауалнама әдісімен жүзеге асырылады және ол іс жүзінде жарамсыз деп айтуға болады", - деді Беков.

Беков Қазақстандағы жолдар Африкадағыдан кем емес деп сендірді.

"Біз Кениядан және мүлдем жол жоқ басқа елдерден артта қала алмаймыз", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети