ПОДЕЛИТЬСЯ
30 сәуір 2019 | 12:08
Кентау қаласында 900 отбасы баспанамен қамтылады - Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысы Кентау қаласында биыл 300-ге жуық отбасы, ал 2020 жылға қарай 900 шақты жанұя баспанамен қамтылады деп жоспарланған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысы Кентау қаласында биыл 300-ге жуық отбасы, ал 2020 жылға қарай 900 шақты жанұя баспанамен қамтылады деп жоспарланған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгінгі таңда қалада 5 қабатты әрқайсысы 60 пәтерлі 5 тұрғын үй аяқталуға жақын. Атап айтқанда, Кентау қаласы Жібек жолы көшесіндегі №41 тұрғын үйдің, Алтынсарин көшесіндегі № 9Б және Уәлиханов көшесіндегі № 136А тұрғын үйінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, бүгінгі таңда ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Сейфуллин көшесіндегі №116 тұрғын үйінің бүгінгі таңда ішкі әрлеу, сылақ жұмыстары жұмыстары жүргізілуде", - делінген баспасөз хабарламасында.
Ал Қонаев көшесіндегі № 44А тұрғын үйдің құрылысы бойынша бүгінгі таңда 4-қабаттың қабарғаларын көтеру жұмыстары жүріп жатыр. Аталған тұрғын үйлерде 1 бөлмелі - 15 пәтер, 2 бөлмелі - 15 пәтер, 3 бөлмелі - 30 пәтер бар.
Сонымен қатар, Ш.Уәлиханов көшесі бойынан 5 қабатты 60 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталды. Пәтер саны - 600, жалпы ауданы - 33 470 шаршы метр. Нысандар 2020 жылға өтпелі.
Айта кетейік, Кентау қаласында 2018 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында әрқайсысы 60 пәтерлі 2 тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 120 отбасы баспанамен қамтылған. Ел игілігіне тапсырылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы - 7294 шаршы метр.
Показать комментарии
Читайте также