Желіде 45 жастағы тұрғын "өзінің екі өгей қызын 6 және 8 жаста болған кезінде бірнеше рет зорлаған деген күдікке ілінгені" туралы ақпарат тарады. Оқиға Кентауда болған. Жағдайға өңірлік полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желідегі ақпарат
Telegram-арналардың бірінде жантүршігерлік ақпарат жарияланды.
"Кейбір дереккөздер мәліметінше, Түркістан облысы Кентаудың 45 жастағы тұрғыны бес жыл бойы 6 және 8 жастағы екі өгей қызын бірнеше рет зорлады деген күдікпен қамауға алынған", - делінген хабарлама мәтінінде.
Полиция жауабы
Баспасөз қызметі мәліметінше, 2025 жылғы желтоқсанда екі кәмелетке толмаған балаға қатысты заңсыз әрекеттер дерегі бойынша полицияға арыз түскен.
"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу қорытындысы бойынша еліміздің заңнамасына сәйкес шешім қабылданады", - деп мәлімдеді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтіні нақтыланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!