Павлодарда Баян батырға арнап ескерткіш қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аты аңызға айналған жаужүрек батырдың мүсіні қаланың қақ ортасына қойылған.
Павлодарда Баян батырға арнап ескерткіш қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аты аңызға айналған жаужүрек батырдың мүсіні қаланың қақ ортасына қойылған.
Салтанатты шараға Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев, ҚР Парламентінің депутаттары, тарихшы-ғалымдар, мәдениет қызметкерлері, ақсақалдар, «Баян батыр» республикалық қоғамдық қорының өкілдері қатысты.
Онметрлік ескерткішке Талғарда қола құйылған. Атты мүсін шамамен үш тонна тартады. Ескерткіш авторы — елімізге танымал мүсінші Едіге Рахмадиев. Е.Рахмадиевтің айтуынша, ол тарихи батырдың мүсінін жасау үшін бір жылдай жұмыс істеген. Шығарылған кітаптарды, ғалымдардың зерттеулерін оқып осындай мүсінді жасаған.
Бұл ескерткіш Батыр Баянның (1710/15-1757) 300 жылдығын тойлау мақсатында Павлодарда ашылып отыр. Қоладан жасалған бұл туынды жерін жаудан қорғаған ержүрек батырға деген халықтың алғысын білдіреді.