“Керемет ел, керемет адамдар“ - Жұманғарин Ауғанстан туралы

“Керемет ел, керемет адамдар“ - Жұманғарин Ауғанстан туралы Фото:depositphotos.com/ bakhrom.media

Қазақстан үшін мұндай көршіні елеусіз қалдырғаннан гөрі, Ауғанстанмен сауданы дамыту әлдеқайда тиімді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин аталған елге жиі жасаған сапарлары туралы журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан үшін мұндай көршіні елеусіз қалдырғаннан гөрі, Ауғанстанмен сауданы дамыту әлдеқайда тиімді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин аталған елге жиі жасаған сапарлары туралы журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұманғариннің айтуынша, ол Ауғанстанмен ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияны басқарады.

"Бұл - халық саны 50 миллионға жуықтайтын керемет ел, адамдары да керемет", - деді ол Үкімет кулуарында.

Жарнама
Жарнама

Журналистер шенеуніктен қауіпсіздік жағдайын ескере отырып, Ауғанстанға баруға қорықпай ма деп сұрады. Жұманғарин алғашқы жылдары белгілі бір қауіп болғанын мойындады, алайда қазір ұстанымы өзгергенін жеткізді.

"Алғашқы жылдары қорқыныш болған шығар. Бұл халық 40 жыл бойы өз елін азат етті. Қазір олар өз мемлекетін құрып жатыр (...) Бірақ мен әрдайым мына қағиданы ұстанамын: соғысқаннан көрі, сауда жасаған тиімді", - деді вице-премьер.

Жұманғарин Қазақстан Ауғанстанды үлкен нарық және ынтымақтастық үшін зор мүмкіндік ретінде қарастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, ол жақта Қазақстанға деген көзқарас оң, ал отандық бизнес өзін сенімді сезінеді.

"Біздің бизнесмендер ол жақта өздерін судағы балықтай сезінеді. Бұл жолы ірі келісімдерге қол қойылды. Біз Герат және Құндыз провинциялары губернаторларымен кездестік. Бәрі кооперацияға мүдделі", - деді шенеунік.

Вице-премьер Ауғанстанның транзиттік әлеуеті мен өңірдегі адами капитал арқасында екіжақты ынтымақтастықтың болашағы зор екенін атап өтті.

Сондай-ақ журналистер министрден Кабулдағы өзі барған әйгілі Chicken Street көшесі туралы сұрады. Жұманғарин бұл жер 1960-жылдары танымал болған тарихи орын екенін айтты.

"Бұл базар емес. Атақты Chicken Street көшесі. 60-жылдары бұл жерге хиппилер ағылып келетін. Қазір онда кәдесый дүкендері орналасқан, адамдар сауда жасайды, тамақ пісіреді. Бізде де адамдар серуендейтін осындай көшелер бар", - деп жауап берді ол.

Сапар кезінде өзіне бірдеңе сатып алды ма деген сұраққа министр "иә" деп жауап берді, бірақ нақты не екенін ашып айтпады.

Бұған дейін Қазақстан делегациясы Кабулға гуманитарлық және іскерлік миссиямен барған болатын. Еліміз Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек партиясын, сондай-ақ дәрігерлер тобын жіберді.

Тағы оқыңыз: Қазақстан неге Ормуз бұғазынан жер телімін жалға алмақ: Жұманғарин түсіндірді

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама