Қазақстан неге Ормуз бұғазынан жер телімін жалға алмақ: Жұманғарин түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан неге Ормуз бұғазынан жер телімін жалға алмақ: Жұманғарин түсіндірді Фото:depositphotos.com

Қазақстан Иран арқылы әлемдік мұхитқа шығатын қосымша жол ашуды көздеп отыр. Осы мақсатта ел Парсы шығанағы жағалауындағы Бендер-Аббас портынан 15 гектар жерді жалға алып, онда жүк терминалын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстан Иран арқылы әлемдік мұхитқа шығатын қосымша жол ашуды көздеп отыр. Осы мақсатта ел Парсы шығанағы жағалауындағы Бендер-Аббас портынан 15 гектар жерді жалға алып, онда жүк терминалын салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, терминал құрылысы мемлекеттік бюджеттен емес, жеке инвесторлар есебінен қаржыландырылады.

"Біз ол жерде жүк тиейтін терминал салуды жоспарлап отырмыз. Бұл - Бендер-Аббас портындағы 15 гектар жер. Құрылысқа бюджет қаражаты қарастырылмаған, жеке қаражат пайдаланылады. Менің білуімше, келісім соңғы сатыда тұр, жалдау шарттары келісілді", - деді Жұманғарин үкіметте өткен брифингте.

Министр бұл жоба Қазақстанға Түрікменстан мен Иран арқылы өтетін қолданыстағы теміржол бағытын пайдалануға мүмкіндік беретінін түсіндірді.

"Теміржол бізде Ақтаудан басталып, Түрікменстан арқылы өтіп, Парсы шығанағына шығады. Бендер-Аббаста өте ірі порт орналасқан. Бұл Қазақстанның мұхитқа - Үндістанға, Шығыс Африкаға, Парсы шығанағы елдеріне және Оңтүстік-Шығыс Азияға тікелей шығу мүмкіндігі. Біздің көздегеніміз - осы, басқа мақсат жоқ", - деді ол.

Жұманғариннің айтуынша, жаңа бағыт арқылы Қазақстан тек жекелеген өнім түрлерін ғана емес, тауарлардың кең ауқымын экспорттауды жоспарлап отыр.

"Барлығын (экспорттауды жоспарлап отырмыз - ред. еск.). Қазір санкцияларға байланысты энергетикаға қатысты көптеген тауарды, металдар, трансформаторлар және басқа да өнімдерді Иран арқылы әкелуге және транзитке тыйым салынған. Келісімге қол қойылғаннан кейін осының бәрі ашылады деп үміттенеміз. Сонда біз тауарларды Иранға да, оның аумағы арқылы транзитпен басқа елдерге де жеткізе аламыз", - деді министр.

Сонымен қатар ол Иранға қарсы санкциялық шектеулер белгісіздіктің негізгі факторларының бірі болып қала беретінін мойындады.

Егер жобаны Иран арқылы жүзеге асыру мүмкін болмаса, Қазақстан балама жолды қарастырмақ.

"Онда Ауғанстан арқылы теміржол салып, Пәкістанның терең сулы порттарына шығамыз. Бұл тіпті тиімдірек, өйткені ол кезде Ормуз бұғазы арқылы өтудің қажеті болмайды", - деді Жұманғарин.

Оның сөзінше, Иранда Ормуз бұғазының сыртында орналасқан Чабахар портына дейінгі теміржол құрылысы да аяқталып жатыр.

"Ормуз бұғазының ішінде орналасқан барлық порт белгілі бір жағдайларда осал болып қалады. Жақын арада мұндай жағдай қайталанбайды деп үміттенемін, бірақ бұл біз үшін маңызды ескерту. Сондықтан біз бұл нұсқаны да қарастырып жатырмыз", - деп түйіндеді вице-премьер.

Еске салайық: былтыр Қазақстан-Иран бизнес-форумында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Шахид Раджаи теңіз портында көлік-логистикалық терминалын салатынын мәлімдеген болатын. Бұл қазақстандық өнімдерді әлемдік нарықтарға тікелей жеткізуге жол ашады. Сондай-ақ Бендер-Аббас және Чабахар теңіз порттарымен серіктестік орнату жоспарлары бар.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.11   553.92   6.31 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +31
Ақтау +26
Ақтөбе +23
Атырау +30
Б
Балқаш +33
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +26
Қ
Қостанай +36
Қызылорда +30
П
Павлодар +25
Петропавл +31
С
Семей +33
Т
Талдықорған +33
Тараз +37
Түркістан +23
О
Орал +27
Ө
Өскемен +35
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер