23 тамыз 2016 | 09:13

Кешенді тестілеуді қайтап тапсырған түлектердің жартысынан көбі шектік деңгейге жете алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Кешенді тестілеуді қайтап тапсырған түлектердің жартысынан көбі шектік деңгейге жете алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігі 2016 жылғы кешенді тестілеуді қайта тапсыру нәтижелерін жария етті.


Иконка комментария блок соц сети

Кешенді тестілеуді қайтап тапсырған түлектердің жартысынан көбі шектік деңгейге жете алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігі 2016 жылғы кешенді тестілеуді қайта тапсыру нәтижелерін жария етті.

Министрліктің мәліметінше, тестілеуге 41801 талапкер (қатысуға өтінім жасағандар саны - 45025) қатысты, оның 27306 - қазақ тілінде оқуға ниетті адамдар,  14495 - орыс тілінде оқуды таңдағандар. Тестілеу нәтижелері бойынша төменгі балл деңгейіне 23 778 адам (56,884 пайыз) жете алмады.

ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін 104 талапкер тестілеуден шеттетіліп, олардың көрсеткен нәтижелері жойылды.
 
2016 жылдың 19 - 21 тамызы аралығында Қазақстанның барлық аймақтарында кешенді тестілеуді қайта тапсыру өткізілді. Бұл шара 37 базалық ЖОО-да орналастырылған тестілеу өткізу пункттерінде болып өтті.   

Тестілеуге келесі санаттарға жатқызылатын азаматтар қатысты: Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) барысында төменгі балл деңгейіне жете алмағандар; ҰБТ-ге қатыспағандар; талапкерлердің кешенді тестілеуіне (ТКТ) қатысып, төменгі балл деңгейіне жете алмағандар; ТКТ-ге қатыспағандар; ҰБТ және ТКТ барысында көрсетілген нәтижелері жойылған азаматтар.

"Биыл талапкерлерді моральдық-психологиялық тұрғыдан қорғап, олардың жоғары білім алу мүмкіндіктерін едәуір арттыратын икемді жағдайлар жасалғаны белгілі. ҰБТ және ТКТ нәтижелері бойынша ЖОО-да білім алу мүмкіндігін беретін ең төменгі балл деңгейінен аса алмаған талапкерлер тестілеуді ақылы негізде қайта тапсыра алатын болды, - делінген хабарламада.   

Қайта тапсыру қорытындылары бойынша барлық қатысушы талапкерлерге тестілеу барысында алынған көрсеткіштері жазылған сертификаттар тапсырылды. Бұл құжат талапкер ең төменгі балл деңгейінен асатын көрсеткішке қол жеткізген жағдайда, ЖОО-на ақылы негізде түсу мүмкіндігін береді.

Қайта тестілеу нәтижесі бойынша ең төменгі балл деңгейінен аса алмаған талапкерлер ЖОО-на ақылы негізде, күндізгі оқу бөлімдеріне алғашқы академиялық кезеңнің аяғына дейін (1-курстың соңына дейін) қабылданады. Осындай шарт негізінде қабылданған азаматтар бірінші академиялық кезеңнен кейін қайта тестілеуден өтеді. Осы мүмкіндікті пайдаланы алмағандар ЖОО-нан шығарылады. Керісінше, тестілеу қорытындысында жақсы нәтиже көрсеткендер (төменгі балл деңгейінен асатын көрсеткіштерге кол жеткізгендер) келесі курсқа өтіп, оқуларын жалғастырады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети