12 сәуір 2019 | 12:17

Кей әкімдеріміз бен министрлеріміз бюджетке таусылмайтын қоржын ретінде қарайды - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өңір тұрғындарымен кездесу барысында ел Президенті кей әкімдер мен министрлердің бюджетке деген қатынасы жайлы айтты. 

"Кей әкімдеріміз бен министрлеріміз бюджетке таусылмайтын қоржын ретінде қарайды. Бізде тиімсіз шығындар көп", - деді Тоқаев. Оның бұл пікірін Twitter-де Ақорданың баспасөз қызметі жария етті. 

Маңғыстау облысының халқымен кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетшілдік пен дәстүрлер арасындағы байланысқа көңіл бөлді. 

"Мемлекетшілдік пен дәстүр сабақтастығы - елімізді өркендетудің басты кепілі. Онсыз тұрақтылық та, даму да болмайды. (...) Ұлы дала демократиясынан бастау алатын әділеттілік принципі қатаң сақталуы тиіс. Оны жоғалтып алу адамзат үшін де, ұлт үшін де өзін-өзі жоғалтумен тең. (...) Дана халқымыз айтқандай, "Әділет жолы - ауыр жол", бірақ біз үшін одан басқа жол жоқ. Әділеттілік - ауқымы кең ұғым. Бұл құндылық, ең алдымен, мемлекеттік саясатта басшылыққа алынуы қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

11 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтау қаласына барған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети