Синоптиктер 17 қарашада елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" РМК орталығына сілтеме жасап.
Синоптиктер 17 қарашада елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" РМК орталығына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 17 қарашада Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Алайда Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қар жаууы мүмкін.
Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде боран болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. СҚО-да көктайғақ, ал Қостанай облысында тұман түседі.
Алматы облысында түнде және таңертең тұман болады, Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Ақтөбе облыстарына да тұман түседі. Сондай-ақ, Жамбыл және Қызылорда облыстарында түнде және таңертең жел соғады.
Түркістан облысында да жел секундына 15-20 метрге дейін көтеріледі.