Кейкі батырдың бассүйегі Қостанай облысында жерленеді

01 Қараша 2016, 20:42
0
Кейкі батырдың бассүйегі Қостанай облысында жерленеді -

ҚР премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Кейкі батырдың мазарының құрылысын жоспарлауға қатысты қажетті шараларды қолдануды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, жақында Кейкі батырдың бассүйегі Венгриядан Алматыға жеткізілген болатын.

Вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов  ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне Қостанай облысының әкімдігімен біріге отырып, Кейкі батырдың отаны - Қостанай облысында оған арналған мазардың құрылысы бойынша қажетті шараларды қолдануды тапсырды.

Сондай-ақ, Иманғали Тасмағамбетовтың айтуынша, Кейкі батырдың бассүйегінің Қазақстанға қайтарылуының мәдени-тарихи маңызы өте зор. 

Ал Орталық мемлекеттік музейдің директоры Нұрсан Әлімбай Кейкі батырдың бассүйегін жерлеуге қатысты шараларды дұрыс өткізу қажеттігін атап өтті.

"15 қазанда Кейкі батырдың бассүйегі Венгриядан Алматыға жеткізілді. Венгриядағы жаратылыстану ғылымдарының антропологтары Кейкі батырдың бейнесін зерттеп, оның неден қайтыс болғанын анықтау үшін ДНҚ сараптамаларын да жүргізді. Жүргізілген сараптамалардың қорытындысы 10 желтоқсанда дайын болады. Бұл мәселеде бізге Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мен министрдің өзі белсенді түрде көмек көрсетіп жатыр. (...) Қазіргі уақытта Кейкі батырдың бассүйегі Орталық мемлекеттік музейде тұр. Қажеттілік болғанда, яғни, бассүйекті жерлейтін кезде оны туыстарына береміз", - деді Нұрсан Әлімбай.

Еске салайық, биыл 12 тамызда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімов РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Кейкі батырдың мүрдесін елге қайтару туралы мәселені көтерген еді. Содан 6 қазанда Кейкі батырдың бассүйегі Астанаға жеткізілген болатын. Ал кейінірек Орталық мемлекеттік музейдің директоры Нұрсан Әлімбай 12 қазан күні Кейкі батырдың бассүйегіантропологиялық сараптама үшін Венгрияға жеткізілетінін мәлімдеді. Музей басшысы құнды жәдігерді арнайы контейнерде алып барды.

Ал кейінірек мамандар Кейкі батырдың бейнесін қалпына келтіру жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай