Кейінгі тәулікте 9 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейінгі тәулікте 9 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан көз жұмды Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 8 882 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 464 бала бар. Стационарларда 2 970 науқас жатыр. 5 912 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 203 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 23 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 24 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.

2020 жылғы 15 қарашада тіркелген коронавирус белгілері бар пневмония бойынша ақпарат мынадай: кейінгі тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмонияның 226 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 71 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 40149, 418 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29556 жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети