Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар санын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар санын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, кейінгі тәулікте коронавирустан және коронавирус белгілері бар пневмониядан 21 адам көз жұмған.
Белгілі болғандай, 14 науқаста COVID-19 сынағы оң нәтиже, жетеуінде теріс нәтиже көрсеткен.
21 қарашадағы жағдай бойынша 30 408 адам КВИ (–26 231+ және 4 177 КВИ-) бойынша ем алуды жалғастырып жатыр, оның ішінде 6 410 науқас стационарда, 23 998 науқас амбулаторлық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ + және КВИ - бар науқастардың арасында:
жағдайы ауыр - 486 науқас,
өте ауыр жағдайда - 124 науқас,
жасанды тыныс алу аппаратында - 89 науқас.
Өткен тәулікте (20 қараша) Қазақстанда коронавирус инфекциясының 1047 жаңа жағдайы тіркелді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!