Кейінгі тәулікте коронавирустан қанша адам қайтыс болды?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейінгі тәулікте коронавирустан қанша адам қайтыс болды? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 3 адам қайтыс болып, 62 науқастың жағдайы өте ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 3 адам қайтыс болып, 62 науқастың жағдайы өте ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Қайтыс болғандардың үшеуінде де ПТР талдауы оң нәтиже болған.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 11 қаңтарда дәрігерлер COVID-19 белгілері және ПТР-сынамасы (КВИ-) теріс пневмонияның 61 жағдайын тіркеді.

13 қаңтардағы жағдай бойынша 35 710 адам (33 936 КВИ+ және 1 774 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 3 888 науқас стационарда, 31 822 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

206 науқастың жағдайы ауыр,
62 науқастың жағдайы өте ауыр,
38 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети