Кейінгі тәулікте шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ - санэпидбақылау

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейінгі тәулікте шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ - санэпидбақылау

28 қарашада Қазақстанға шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

28 қарашада Қазақстанға шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап. 

2020 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Египет, БАӘ, Ресей Федерациясы, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді.

Қазақстандық 1 337 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 244 адам, анықтамасыз 93 адам келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына - 7 рейс, 820 жолаушы, анықтамамен - 813, анықтамасыз - 7.
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 448 жолаушы, анықтамамен - 387, анықтамасыз - 61;
Ақтөбе қаласының әуежайына - 1 рейс, 69 жолаушы, анықтамамен - 44, анықтамасыз – 25.

"Анықтамасы жоқ қазақстандықтар келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 93 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети