Алматы билігі базарларды жаңғырту мәселесін бұдан былай кейінге қалдырмайды. Бұл туралы Алмалы ауданы тұрғындарының қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесуінде белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы билігі базарларды жаңғырту мәселесін бұдан былай кейінге қалдырмайды. Бұл туралы Алмалы ауданы тұрғындарының қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесуінде белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Тұлпар" сауда базарының өкілі мегаполис басшысына сауалдарын жолдады. Олардың айтуынша, базарды заман талабына сай жөндеп, ол жерде үш қабатты ғимарат салынбақ.
"Біздің базар модернизацияланады екен, сондықтан 1 сәуірге дейін орындарымызды босатуды сұрайды. Сыртқы жағдайларды ескере отырып – пандемия, логистика мен сауда байланыстарының бұзылуы салдарынан базардағы жұмысты 2023 жылғы 31 желтоқсанына дейін ұзартуды сұраймыз. Бізбен көршілес заңсыз жұмыс жасап жатқан базар бар, ол жаңармайды әрі басқа жаққа көшпейді", - деді тұрғын.
Бұған қала әкімі Ерболат Досаев базар иелерімен барлық келісім заң жүзінде сақталуы тиіс екенін айтты. Базар иелері модернизация жүргізуге ақша салулары қажет, бұл "Тұлпар" базарына да қатысты.
"Бизнесті жоғалтпау үшін базарда сауда жасайтын адамдар модернизация кезінде басқа нүктелерге ауыстырылады. Модернизация қажет деп санаймын. Біз оны жылдан жылға ауыстырамыз. "Тұлпар" базары мүлдем модернизацияланбаған, сондықтан қазіргі күйінде жұмыс істей алмайды" - деді әкім.
Досаевтың айтуынша, модернизация мен қайта құруды кейінге қалдыру мүмкін емес.
"Инвестор табылды. Оларды ретке келтірсін, сіз ораласыз, қалыпты жағдайда жұмыс істейсіз, қалада заманауи базарлар болады. Аудан әкімі айтқандай модернизациялау мерзімі 4 рет ауыстырылды. Өзгерген ештеңе жоқ. Көшесіздер. Меншік иесі жақсы шарттар ұсынуда. Тілендиев пен Васнецов көшелері бойындағы заңсыз базар бойынша мен кәсіпкерлік басқармасына жұмысқа кірісуді және анықтауды тапсырамын", - деді Досаев.
Алмалы ауданының әкімі Ержан Сейтенов жалға алушыларға жаңғырту мерзімдері төрт рет ауыстырылғаны айтылды.
"Бұл жолы біз 1 сәуірден бастауға ниеттіміз. Жалға алушыларға басқа нарықтарда тегін сауда жасау ұсынылады", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!