06 шілде 2021 | 14:32

Кез келген сұрақ қоя алатыныма көзім жетті - Оливер Стоун Назарбаев туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы Qazaq - The History of Golden Man фильмін жасаушылардың бірі Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбатында қандай басты сұрақтарға жауап алғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы Qazaq - The History of Golden Man фильмін жасаушылардың бірі Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбатында қандай басты сұрақтарға жауап алғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қателеспесем, Қазақстанға екі рет сапармен бардық. Мен Назарбаевқа кез келген сұрақ қоя алатыныма көз жеткіздім. Әсіресе Ресей, Қытай және АҚШ арасындағы тепе-теңдікке қатысты. Бүгінгі әлемдік тәртіпте бұл өте маңызды нәрсе. АҚШ Қытай мен Ресейге қас, бұған барған сайын көзіміз жетіп жатыр. Маған әлемдегі күштердің тепе-теңдігі туралы білу қызықты болды. 

АҚШ әлемді басқарса, бұл бәріне қауіпті жағдай болады. Назарбаевтың да әлемдегі осы теңдікті қалайтынын көріп отырмын. Ол осы тепе-теңдікті көргісі келеді", - деді Стоун ОКҚ брифингінде.

Ол Қазақстан - Қытай мен Ресей арасында орналасқан, АҚШ-пен тығыз қарым-қатынастағы аса ірі ел екенін айтты. Осы елдердің әрқайсының Қазақстанға қатысты өз мүдделері бар.

"Назарбаев - осы "арқанды жолмен" жүре алатын және қандай да бір қақтығыссыз адамдар, халықтар арасындағы диалогқа жол таба алатын адам. Ол Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерге қатысты. Назарбаев АҚШ-пен де сөйлесе алады. Горбачев мырзаның тағдыры шешілген кезде, ол билік транзитін тегістеуде басты рөл атқарды. Біз КСРО құлаған кезде қатты қақтығыстардан құтыла алғанымызды көрдік. Назарбаев 90-жылдары маңызды рөл атқарды деп санаймын. Оның АҚШ-пен ядролық қарусыздану мәселелері жөніндегі келіссөздері де маңызды. Мен қазір Қазақстанның қандай жағдайда екенін көріп отырмын, мен үшін ел туралы толығырақ білу қызық болды", - деп бөлісті Оливер Стоун.

Оның айтуынша, қазақстандықтар өз елінің әлем болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін түсінбеуі мүмкін.

"Қазақстанда талантты адамдар көп. Бұл өте прогрессивті ел. Біз өткен ғасырдың 90-жылдарының басынан бүгінге дейінгі Қытайдағы сияқты, Қазақстандағы үлкен өзгерістерді көріп отырмыз. Америкалық сарапшылар бұл туралы біледі және Қазақстанды одақтас ретінде көргісі келеді, бірақ бұл Ресей мен Қытайға қандай да бір дәрежеде қарсы шыққан болуы мүмкін. Сондықтан Қазақстан барлық осы процесте маңызды рөл атқарады. Қазақстан барлық серіктесімен достық қарым-қатынаста. Мен үнемі айтамын, біз бір-бірімізбен күресудің орнына климаттың өзгеруін жеңу үшін бірге жұмыс жасауымыз керек, әйтпесе бұл жақсылыққа әкелмейді. Жалпы, дипломатия құрылымын өзгерту керек", - деді ол.

Еске салайық, америкалық кинорежиссер, сценарист және продюсер, үш "Оскар" сыйлығының иегері Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаевтан Qazaq - The history of Golden Man жаңа фильмін түсіру үшін сұхбат алған болатын. Фильмнің режиссері - украиналық және америкалық киноиндустрияның қайраткері Игорь Лопатенок, фильмнің музыкасын "Алтын глобус" иегері композитор Карло Силиотто, ал музыкасын "Астана Опера" симфониялық оркестрінің әртістері орындады.

"Сіздер Назарбаевты қалауыңыз бойынша диктатор, мықты адам, тиран немесе құрылтайшы деп атай аласыз. Бірақ соңында кеңес империясының күйреуі және елдің тәуелсіздікке, оның ішінде ядролық қарудан бас тартуға маңызды қадамы туралы ойын айтатын қарапайым адамды көресіз... Сондай-ақ, Назарбаев Қазақстанның көшпелі тарихы мен Еуразияның технологиялық болашағы туралы әңгімелейді. Менің ойымша, бұл жарқын болашақ", - деді Стоун.

Оливер Стоун - америкалық режиссер, сценарист және продюсер. Үш "Оскар" сыйлығының иегері. Ол "Уолл-Стрит", "Каждое воскресенье", "Александр" және "Прирожденные убийцы" сияқты фильмдер түсірген.

2017 жылы Оливер Стоун төрт бөлімнен тұратын "Путинмен сұхбат" деректі фильмін түсірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети