"Кезекке тұрмаймын". Назарбаев пен Путиннің кездесуінен видео жарияланды

© Kremlin.ru

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуінен видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуінен видео жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қысқа видео РИА Новости Кремль пулы журналистерінің Telegram-арнасында жарияланды.

"Нұрсұлтан Әбішұлы, бірінші кезекте айтқым келгені, сізді көрмегеніме көп болды. Көптен бері шақырдым, бірақ ешқайсыңыз келмедіңіздер. Жиналдық-ау, сөйлесуге мүмкіндік туды", - деді Елбасына Владимир Путин.

Реклама
Реклама

"Бізде жыл сайын қызмет бәсеңдемейді, белсенділік. Мен Сочиге барғым келген, қарасам: бірде қырғыз, бірде тәжік, бірде белорус (президенттері). Сосын "Кезекке тұрмаймын" деп ойладым. Мен енді еркін адаммын, үшінші жыл президент емеспін, бірақ мен сізбен кездеспей кете алмаймын...", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.  

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі Мәскеуде өтіп жатыр. Елбасы мен Ресей президенті ЕАЭО-ның даму әлеуеті мен өңірлік саясат мәселелерін талқылауға ниетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама