ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлері Түркиядан Қазақстан аумағына өткізілмек болған ірі көлемдегі есірткінің жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның басшысы Дәулет Ерғожинге сілтеме жасап.

"ҚР ҚМ МКК қызметкерлері Маңғыстау облысы МКД-мен бірге 19 қыркүйекте Түркиядан Ақтау теңіз порты арқылы Қазақстанға өтпек болған Iveco маркалы автомобилінен салмағы шамамен 120 келі болатын, болжам бойынша"героин" есірткі затын анықтады", - деді Ерғожин.
Ол заттың нақты не екенін және оның таза салмағын анықтау үшін сараптама тағайындалғанын айтты.