ҚХА өкілі Шымкент жастарымен кездесіп, пікір алмасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚХА өкілі Шымкент жастарымен кездесіп, пікір алмасты Фото: Шымкент ІСБ баспасөз қызметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкентке жасаған жұмыс сапары аясында Достық үйінде жаңғыртудан өткен этномұражайды аралап, жергілікті этнос өкілдерінің қолдауымен жиналған жәдігерлермен танысты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкентке жасаған жұмыс сапары аясында Достық үйінде жаңғыртудан өткен этномұражайды аралап, жергілікті этнос өкілдерінің қолдауымен жиналған жәдігерлермен танысты.

Комьюнити орталығында өткен кездесуде "Ассамблея жастары" РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев ұйымының қызметі жайлы айтып, еліміздегі үшінші мегаполис жастарының белсенділігін тілге тиек етті. Тамызда Шымкент әкімдігінің қолдауымен "Ассамблея жастары" ұйымының "Біз біргеміз" лагерін лайықты өткізгенін хабарлап, Достық үйі базасында ашылған комьюнити орталық қалалық өкілдіктің жұмысын жақсартып, жаңа деңгейге көтеретіні туралы атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары белсенді жастармен өткен жүздесуде қазақстандық патриотизмді дамыту, мемлекеттік тілді дәріптеу бағытында атқарылған жұмыстар туралы жас буынмен еркін форматта пікір алмасты.

Жаңа есімдерді қоғамға таныстыру, экологиялық мәдениетті дамыту, қоршаған ортаға қамқорлық жасау қағидаларын насихаттау мақсатында әзірленген "Жаңа толқын" жобасы мен "Таза Қазақстан" акциясына "Ассамблея жастары" ұйымының тұрақты асалысуын үйлестіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған түрлі іс-шаралар мен қолға алған жобаларды нәтижелі іске асыру жайына айрықша тоқталды.

"Ассамблея жастары" – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс. Ассамблея ел жастарын қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегіне шоғырландыруды жалғастырады. Біз қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті бекемдеу жолында жастармен бірлесе жұмыс істеуге, бағыт-бағдар беруге әрдайым дайынбыз", – деді Марат Алмасұлы.

Кездесуді қорытындылаған ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов алда бірлесе атқарар жұмыс жайын пысықтап, "Ассамблея жастары" РҚБ Шымкент қалалық өкілдігінің белсенділері Нұрболат Мейірбеков, Муроджан Ирисметов, Шахнозабону Жаналиева, Асия Манапова, Ибрахим Висханов сынды белсенділеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының алғыс хатын табыстады. Өз кезегінде ұйым мүшесі Акрам Ирисметов домбыраман ән салып, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

Tengrinews
Шымкент ІСБ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети