03 қараша 2017 | 09:50

ҚХР елшісі Қытай қазақтары қысым көріп жатыр деген мәліметке қатысты жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чжан Ханьхуэй. © ult.kz Чжан Ханьхуэй. © ult.kz

ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй Қытай қазақтары қысым көріп жатыр деген мәлімдемеге жауап берді, - деп хабарлайды "Караван".


Иконка комментария блок соц сети

ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй Қытай қазақтары қысым көріп жатыр деген мәлімдемеге жауап берді, - деп хабарлайды "Караван".

Осыған дейін ҚР Парламентінің депутаттары осы мәселені көтерген еді. ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері де бұл мәліметтің тексеріліп жатқанын мәлімдеген болатын.

Чжан Ханьхуэйдің айтуынша, Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданының тұрғындарына қатысты қатаң шаралар тек қазақ диаспорасына емес, сондай-ақ, басқа да ұлттың өкілдеріне қатысты қолданылып келген.

Сонымен қатар, Чжан Ханьхуэй мемлекеттің осы өңірге қаржылай көмек көрсетіп жатқанын айтып өтті.

"ҚХР ешқашан да кемсітушілік саясатын жүргізбеген және жүргізбейді", - деді Чжан Ханьхуэй.

"Біз КХР-дағы қазақтардың, нақтырақ айтсақ, Ұйғыр автономиялық округіндегі Синцзянда шекара асып, сапарға шығарда ресми құжат алуда қиындықтарға тап болып жатқанын анықтадық, КХР-да мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндердің төлқұжат алуында белгілі бір қиындықтарға тап болып жатқанын білдік. Бұл мәселелерді біз мұқият тексеріп жатырмыз, сараптаудамыз, сондай-ақ, мәселені қытайлық әріптестерімізбен талқылап жатырмыз. Біздің СІМ-ге ресми тәртіппен түскен өтінішті назарсыз қалдырмаймыз", - деген еді осыған дейін ҚР СІМ министрі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.51   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети